2019 жылы банк секторы телекоммуникация саласына рекордтық көлемде қарыз бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.
«2019 жылдың желтоқсан айында ақпарат және байланыс саласында берілген несие көлемі 4,6 млрд теңгені құрап, бұл көрсеткіш бір ай бұрынғы деңгейден 22,1 пайызға төмен. Сонымен қатар, 2018 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 9,1 пайызға аз болды. Өткен жылы берілген несиелердің ең қомақты сомасы мамыр айында тіркелді, яғни 94,2 млрд теңгеге жетіп, рекордтық көрсеткішті байқатты. 2018 жылы бұл салада берілген қарыздың ең жоғары сомасы маусым айында тікеліп, 19,6 млрд теңге деңгейінде болған еді» делінген хабарламада.
Жалпы, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында ақпарат пен байланыс саласында берілген несие көлемі рекордтық 131,8 млрд теңгеге жетті. 2018 жылға қарағанда өсім 2,6 есені құрады.
Өткен жылдың соңында байланыс пен ақпарат саласындағы неселер портфелі 128 млрд теңгені қамтып, бір жылғы деңгейден 78,1 пайызға жоғары болды. Осыған дейін екі жыл қатарынан сектордағы несие көлемі төмендеген еді.