TechБасты

10 мемлекеттік орган ортақ интернет платформаға көшуге дайын

10 мемлекеттік орган ортақ интернет платформаға көшуге дайын. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландыру аясында мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру қажет. Оны Мемлекет басшысы осы жылдың бірінші жартысында аяқтауға тапсырды. Жалпы 46 мемлекеттік қолдау шарасының 42-сі автоматтандырылды. Дегенмен, 2 мемлекеттік органның 4 шарасы автоматтандырылмаған. Олар: Ұлттық экономика министрлігінде 3, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 1 автоматтандыру қалды», – деді ол.

Осы ретте Асқар Жұмағалиев Үкімет басшысынан аталған мемлекеттік органдарға автоматтандыру жұмыстарын аяқтауға және барлық мемлекеттік органдарға eGov порталымен интеграцияны уақытында жасауға тапсырма беруін сұрады.

«Цифрлық мемлекетті құрудың тағы бір тетігі ретінде – мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасы құрылуда. Оған британдық тәжірибе қолданылды. Ортақ платформа құру нәтижесінде 2 млрд теңге шамасында бюджет қаражаты үнемделеді. Қазіргі таңда 10 мемлекеттік орган ортақ платформаға көшуге дайын. Дегенмен, атқарылатын жұмыс көп. Сол себепті Асқар Ұзақбайұлы, сізден 1 наурызға дейін орталық мемлекеттік органдарға, 1 маусымға дейін жергілікті мемлекеттік органдарға контент жүктеу жұмысын аяқтау туралы тапсырма беруіңізді сұраймын», – деді Асқар Жұмағалиев Үкімет басшысы Маминге қарата.

Басқа жаңалықтар

Back to top button