Басты

ШҚО-ның шалғай ауылдарында электронды қызмет орталықтары ашылды

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының шалғай ауылдарында электрондық қызмет көрсету орталықтары ашылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бұл жоба – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асып отыр. Жаңа мекеме аудан орталығынан өзге Ақтоғай кенті мен Ақши, Баршатас ауылында іске қосылған. Мұнда әкімдіктің бос тұрған бөлмелері жөндеуден өтіп, арнайы құралдармен жабдықталды. Оған жергілікті бюджеттен бір жарым миллион теңге бөлінген. Енді 70 мыңнан астам тұрғын электронды үкімет порталы арқылы, барлық мемлекеттік қызмет түрін бір жерден алады.

«Бұл біздің облыста бірінші орталық емес. Біздер бүкіл аудан орталықтары мен қалалардың бәрінде ашылған осындай қызмет көрсету орталықтары. Қазір өздеріңіз көріп отырғандай жұмысы жандандырылып бара жатыр. Бүгінгі күні мына халқымыз өздері барып, бүкіл кабинеттерді аралап жүретін, қазір тек бір жерге келіп, осы жерде қызметтерін алып, қабылдау бөлмесі ашылған»,-дейді ҚР СЖІҚА ШҚО бойынша департамент басшысы Ерлан Жалмағамбет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button