Түркістан: Гуманитарлық көмектің толық тасымалдануына бақылау жүргізілді
Бүгін Түркістан облысына Біріккен Араб Әмірлігінен гумантарлық көмек, соның ішінде өңірге 25 дана өкпені жасанды желдету аппараты, 10 000 дана үш қабатты медициналық және 24 983 дана респираторлық бетперделер, 125 дана «Herbal tea1» және 500 дана «Неrbal tea2» дәрілік заттары көмек ретінде келді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Осыған орай, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп, аталмыш медициналық қорғаныс құралдарының облыстық қоғамдық денсаулық басқармасынан Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне толық тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізді.
Департамент жанынан құрылған жұмысшы топ өкілдері келіп барлық жеткен қораптарға «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қойып, гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауы бойынша нақты шаралар атқаруда.