EconomyБасты

Кәсіпкерлерге арнап жаңа өндірісті қолдайтын сайт ашылды

Қазақстандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер svoyzavod.kz сайтында жаңа өндірістер құру бағдарламасына қатыса алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов мәлімдеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Samruk Akparat алаңында өткен онлайн брифингте спикер жаңа өндіріс бағдарламаларын қолдау мақсатында svoyzavod.kz сайты ашылғанын хабарлады. Бұл сайтта қазақстандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер жаңа өндіріс құру бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады.

Сайтты пайдаланушы екі бағыт бойынша өтінім бере алады: егер тауар алаңда болса, өтініштердің үлгісін көшіріп алып, офф-тейк шарттар жасасу үшін өтінім жасау қажет.

Ал егер тауар алаңда болмаса немесе елде өндіріс баламасы болмаса, үлгіні жүктеп алып, импортты алмастыруды қосу өтінімін тіркеу қажет.

«Сонымен бірге, сайтқа кіруші ұсынылған бөлімдерде компаниялар тобы қажет етіп отырған тауарлар алаңы туралы, офф-тейк келісімшарты механизмі туралы ақпаратты зерделей алады және жиі қойылатын сұрақтарға жауап және жүзеге асырылған жобалар туралы ақпарат ала алады», – деп түсіндірді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз орталығының жетекшісі Айгүл Қасенова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button