Басты
Көлік тізгінінде отырып Instagram-ға Stories түсірген әйел жауапкершілікке тартылды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жасаған елордалық полицейлер жол қозғалысының ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел қалта телефонын пайдаланып өзінің Instagram-парақшасына Stories түсірген.
Тәртіп бұзған әйел ҚР ӘҚБ Кодексінің 593 және 591-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерге жол қозғалысының ережелері мен жылдамдық тәртібін қатаң сақтау керек екендігін ескертеді. Бұл жүргізушілердің өзімен қатар, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін маңызды.