Басты

Медициналық ЖОО студенттері мен оқытушылары ауруханаларда көмектесіп жүр

С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы коронавирус пандемиясы кезеңінде медициналық ұйымдар мен волонтерлік штабтарда жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Университетіміздің студенттері және профессорлық-оқытушылық құрамы коронавирус пандемиясы кезеңінде медициналық ұйымдар мен волонтерлік штабтарда жұмыс істеп жүр. Карантиннің алғашқы күндері-ақ қызметкерлеріміз бен резиденттеріміз жұқпалы ауруға қарсы тұрды. Студенттер тәжірибедегі дәрігерлерге көмектесіп жүр. Қаладағы патологоанатомиялық бюрода, жедел штабтар мен карантин орталықтарында да студенттеріміз жәрдем көрсетуде. Біздің еріктілер аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасиды. Жұмыссыз қалғандарға жұмыс табуға көмектеседі», – деді ректор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдастырған онлайн кездесуде.

Оның айтуынша, университеттің 400-ге жуық резиденті мен интерні қалалық клиникаларда, инфекциялық стационарларда және емханаларда жұмыс істеп жүр.

«Патологоанатомиялық бюрода 15 адам жұмыс істейді. Волонтерлік штабта 85 ерікті студент жүр. 350-ге жуық оқытушы қалалық стационарлар мен клиникаларда жұмыс істейді», – деді ректор.

Басқа жаңалықтар

Back to top button