«Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» порталында жаңа функциялар пайда болды
Мемлекеттік ұйымдар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған мобильді қосымшалардың қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс істеуде
Бүгінгі таңда Қазақстанда 695 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде есту қабілеті бұзылған 4%, көру қабілеті бұзылған 12%, тірек-қимыл аппараты бұзылған 28% азамат тұрады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасымен (UNDP) бірлесіп «мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау» жобасы шеңберінде кембағал жандарға мобильді қосымшалардың қолжетімді қылу бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл мүгедектің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мобильді құралдар туралы ақпараттандыруды арттыруға мүмкіндік береді.
«Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» https://inva.gov.kz/ru порталында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды бейімдеу үшін әзірленген қосымшаларға өту үшін «Электронды қол жетімділік» батырмасы орналастырылған:
– көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мәтінді сөзге түрлендіруге мүмкіндік беретін қосымшалар, үлкен пернетақта белгішелері; нашар көретіндерге арналған нұсқа («ыңғайлы» түс және тоналдылық»), talkback, көрнекі кеңестер, дыбыс күшейткіш бар;
– есту қабілеті бұзылған адамдар үшін мәтінді, бейне субтитрлерді, нашар еститін адамдарға арналған арнайы боттарды, дірілдерді және мәтіндік ескертулерді түрлендіруге мүмкіндік беретін қосымшаларға сілтемелер бар;
– тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін қолжетімді ғимараттар, тұрақ орындары көрсетілген қосымшалар (қоғамдық көлікті сәйкестендіру) бар.
Сондай-ақ, порталда «Мемлекеттік қызметтер» батырмасы орналастырылған. Ол жерде ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға ыңғайлы болу үшін төрт бөлімге бөлінген.
«Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ала алады.
Оның ішінде, нормативтік-құқықтық актілер туралы, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің (өтініш үлгілерімен) байланыс нөмірлері, мемлекеттік қызметтерді ресімдеу және алу мерзімдері туралы, қажетті құжаттар туралы, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т.б.
Порталға кірген азаматтардың ыңғайлығы үшін e-gov mobile мобильдік қосымшасына сілтемелер орналастырылған, онда ХҚКО-да кезекте онлайн брондауға болады.