Басты

Науқастарға күніне 100 литр қымыз жеткізіп беруде

Өскеменде қайырымды жандар науқастарға қымыз бен қой етінен әзірленген сорпа таратты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қорының Өскемен аймағы өкілдігі бірлесіп, игі істі қолға алды. Олар Өскемендегі облыстық ауруханада коронавирус індетімен ауырып, емделіп жатқан науқастарға қымыз бен қой етінен әзірленген сорпа таратты.

«Науқастарға күш-қуат берсін деп қымыз бен сорпа әкеліп отырмыз. Құнарлы ұлттық тағамдарымыз азаматтардың тезірек сауығуына көмектеседі деп сенеміз. Қазіргі таңда індетпен ауырып жатқан адамдарға өңірдің дін қызметкерлері барынша қолдау көрсетіп жатыр» дейді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Қасболатұлы.

«Халифа Алтай» мешіті мен қор өкілдігі облыстық ауруханаға күніне 100 литр қымыз және қой сорпасын жеткізіп жатқан көрінеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button