Басты

Қазақстандықтар өз қажеттілігі үшін өзге елдерден дәрі-дәрмек алып келе ала ма

Қазақстандықтар өз қажеттілігі үшін көрші елдерден дәрі-дәрмекті еш кедергісіз алып келе алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Вице-министрдің атап өтуінше, Ресей Федерациясымен шекаралас жатқан аумақта тұратын қазақстанықтар бұл елден өзі және жақын туған-туыстары үшін тиісті құжаттары болған кезде дәрі-дәрмекті алып келе алады. Өйткені, бүгінгі күні заңнамада өзіне қажетті дәрілік заттарды тасымалдауға шектеу қарастырылмаған.

«Яғни, аталған дәрілік зат курстық доза болса немесе жақын туған-туысқа арналса, онда тиісті құжаттарын ұсынған жағдайда тасымалдауға ешқандай шектеу жоқ», – деді Людмила Бюрабекова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button