Social

Қиындықты бірліктің арқасында ғана жеңе аламыз

Елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күні – халқымыздың берік бірлігін тағы танытты

Бүгін елімізде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған билік өкілдері, мемлекеттік және т.б мекемелердің қызметкерлері республика бойынша коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алды.

Бұл Мемлекет басшысынан бастап, күллі билік өкілдерінің қара жамылған отбасыларына қайғырып көңіл айтуының белгісі. Жаһанды жалмап, халықты қынадай қырып жатқан белгісіз дертке бірігіп тойтарыс беруге, жұмыла күресуге шақыру. Ел басына қара бұлттың төңгенімен, халқымыздың бірлесе іс-әрекет  жасауының арқасында көкжиекте жақсы күннің сәулесі көрінері анық.

COVID-19 дерітнен қаза тапқан жандарды еске алу мақсатында әлемнің көп елдерінде бір минуттық үнсіздік жарияланған болатын. Пандемия қаупі өршіп тұрған сәтте аза тұту күнін АҚШ, Қытай, Италия, Испания және тағы да басқа елдер жариялады.

Еске салсақ, ҚР Президентінің шешімінен Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде.

Президент бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керектігін айтты.

Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы қосымша шараларды да атап өтті: нақтырақ айтқанда, елде алғашқы медициналық-санитарлық көмек күшейтіліп, ауруханаларда төсек орындарының саны арттырылады. Қолданыстағы зертханалар тестілеуге қол жетімділікті арттыру үшін қайта жабдықталып, ПТР-тестілеу үшін 8 мобильді орталық құрылады. Ондай орталықтар ауыл-аймақтарда да ашылмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button