Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнама жетілдірілуде

ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы
Ішкі істер органдары жүйесінде осы жыл «Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбы аясында өтетіні атап өтілді. Осыған байланысты арнайы ведомстволық жоспар әзірленді.
Осы салада заңнама дамып келеді. Балаларға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапкершілік күшейтілді «Профилактика туралы» жаңа Заң аясында балалардың құқықтарын қорғау бойынша аймақтық өкілетті органдар құрылады. Зорлық-зомбылық, буллингке ұшыраған балаларға әлеуметтік және психологиялық көмек, тәлімгерлік, отбасылық кеңес беру қарастырылған. Балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу жұмысы күшейтілді, — деді Ержан Сәденов.
Жүргізілген инфрақұрылымды зерттеу қорытындысы бойынша мектептерде қосымша: жаяу жүргіншілер бағдаршамдары, жасанды кедергілер, жол белгілері мен ақпараттық паннолар, қоршаулар мен жарықтандыру орнатылды.


