Economy

Жеңілдетілген несиемен өңдеуші өнеркәсіптің 116 жобасы қамтылды – ӨҚМ

2022 жылдан бері жеңілдікпен несиелеу тетігі арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі 116 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді

Министр мемлекеттік даму институттары жаңа өндірістерді қолдауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

«2022 жылдан бастап жеңілдетілген несиелеу тетігі арқылы 116 жоба қаржыландырылды. Бұл мақсаттарға бюджеттен 500 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, ал нарықтан қосымша қаржы тарту және аралас қаржыландыру тетігін қолдану есебінен жалпы сома 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Нәтижесінде радиаторлар, автокомпоненттер, шұлық-шұлғау бұйымдары, лак-бояу және геосинтетикалық материалдар мен басқа да тауарлар өндірісі іске қосылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button