PoliticsБасты

Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button