Social

Оралда «Imrat Group» қаржы пирамидасы жойылды

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Imrat Group» атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Канаданың, Гонконг пен Ұлыбританияның атынан тіркелген жалған халықаралық инвестициялық компания ретінде көрініп, алаяқтар азаматтарға күнделікті 0,5%-дан 1,5%-ға дейін «жоғары табыс» уәде еткен түрлі бағдарламаларды ұсынған, деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Қатысу үшін азаматтар арнайы реферальды сілтеме арқылы тіркеліп, криптовалюта әмиянына 20-дан 10 000 АҚШ долларына дейін (USDT баламасында) қаражат аударуы қажет болған.

Алайда шын мәнінде, салымдар тек пирамида ішіндегі қатысушылар арасында қайта бөлініп отырған – бұрынғыларға төлемдер жаңадан тартылған қаражат есебінен жүргізілген.

«Қатысушыларды тарту мақсатында күдіктілер заңды инвестициялық қызмет түрінде көрсету үшін белсенді жарнама жүргізіп, кеңселер жалдап, түрлі презентациялар мен конференциялар ұйымдастырған. Сондай-ақ, Telegram-арна ашып, онда тұрақты түрде жоғары табыс пен инвестициялардың қауіпсіздігін насихаттайтын бейнематериалдар жариялап отырған.

Заңсыз қызмет дер кезінде тоқтатылғанының арқасында пирамидаға барлығы 30 азамат тартылған. Олардың салған қаражаты 89 млн теңгеден асады», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button