
Газ саласын цифрлық трансформациялау шеңберінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Қаныш Төлеушин негізгі жұмыс газ өндіру және жеткізу процестерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ деректер негізінде басқару мен шешім қабылдауды оңтайландыру болып саналатынын атап өтті. Ол осы мақсаттарды іске асыру саланы неғұрлым технологиялық, ашық және тәуекелдерге төзімді етуге мүмкіндік беретініне тоқталды, деп мәлімдейді ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Газ саласында 74 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, бұл азаматтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін қазірдің өзінде толық цифрландырылған қызметтердің кең ауқымын білдіреді.
«Мәселен, 1 сәуірде өткен Үкімет отырысында біз 2024 жылдың желтоқсан айында “Әлеуметтік әмиян” жүйесінде “Тұрмыстық газға ваучер беру” пилоттық жобасының іске қосылғаны туралы баяндаған едік. Жүйе азаматтарға жеке шот нөмірін енгізу арқылы ваучерді белсендендіруге мүмкіндік береді, ол “QazaqGazAimaq” жүйесінде жеңілдікті автоматты түрде есептен шығарады. Бұл төлем процесін жеңілдетеді, автоматты ваучерді есептеу және жеңілдіктері бар түбіртектерді алу сияқты артықшылықтар береді», — деді Қаныш Төлеушин.
Сондай-ақ ол Энергетика министрлігімен және «QazaqGaz Aimaq» компаниясымен бірлесіп eGov және eGov-mobile цифрлық платформаларына көшу арқасында техникалық шарттарды алу процесі айтарлықтай жеңілдегенін мәлімдеді. Енді өтініш берушілер құжаттарды онлайн түрде тапсыра алады, нәтижесінде қадамдар саны 81%-ға, ал кіріс құжаттар саны 63%-ға қысқарған. Жылдық қамту 2,3 млн-нан астам абонентті және 100 мыңға жуық қосымшаны құрайды.
Елімізде қазақстандықтарға газға қосылуға тез және дұрыс өтінім беруге көмектесетін жаңа ЖИ-агент іске қосылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушиннің айтуынша, бұл қателердің санын қолданыстағы 30%-дан 5%-ға дейін төмендетеді және техникалық шарттарды алуды жеделдетеді. Жобаны 2025-2026 жылдары іске асыру жоспарланып отыр, ол 2,3 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды.
Қазіргі уақытта газ саласы саласында мемлекеттік қызметтердің 74 түрі ұсынылады. Олардың барлығы азаматтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін толық цифрландырылған.
«Сонымен қатар “Astana Hub” газ саласы үшін 14 жаңа жобаны іске асыруда. Олардың ішінде ЖИ-аналитикасы бар виртуалды кен орындарының тренажерлері, компрессорларды бақылау жүйелері, цифрлық егіздер, инспекцияға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары және бизнес-процестерді автоматтандыру платформалары бар. 2024 жылы жалпы кіріс 1,2 млрд теңгені, ал жұмыс басталғалы бері – 3,8 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 100-ге жуық жұмыс орны ашылды», — деді спикер.
Қаныш Төлеушиннің айтуынша, қазіргі таңда әлемде интернет заттар (IoT), цифрлық егіздер, дрондар және роботтандырылған жүйелер сияқты технологиялар кеңінен қолданылады. Мысалы, Нидерланды мен Біріккен Араб Әмірліктерінде дрондар мен цифрлық егіздер белсенді түрде пайдаланылса, Канада мен АҚШ-та құбырлар мен жабдықтарды бақылау үшін IoT және сенсорлық желілер қолданылады. MarketsandMarkets агенттігінің болжамы бойынша, газ өнеркәсібіндегі ЖИ нарығының көлемі 2030 жылға қарай шамамен $4-5 млрд-қа дейін өседі.
«Қазақстандық және әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, келесілерді ұсынамыз. Біріншіден, жасанды интеллект және цифрлық егіздерді тиімділікті арттыру және апаттарды азайту мақсатында белсенді түрде енгізу қажет. Екіншіден, IoT және сенсорлық жүйелердің инфрақұрылым жағдайын мониторингтеу үшін интеграциясын дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект-агенттері мен автоматтандырылған сервистер арқылы процестерді цифрландыруды жалғастыру керек. Бұл азаматтар мен бизнес үшін қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді вице-министр.