Әлем
Туризмді дамыту: Үндістанға әуе қатынасы кеңейеді
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде
«Осылайша, туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады. Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады» – делінген баспасөз хабарламасында.