Social

Қазақстан гендерлік теңдік мәселелері бойынша халықаралық конференцияға қатысты

Тиранада (Албания) гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және ілгерілету мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті. Конференция Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл тұғырнамасының 30 жылдығы қарсаңында өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Конференцияға Еуропа мен Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты. Қазақстандық делегация құрамында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілдері болды.

Сарапшылар Бейжің декларациясында белгіленген әйелдер құқығы саласындағы 12 проблемалық мәселені шешуге бағытталған ұлттық және халықаралық шаралар мен бастамаларды талқылады. Олардың ішінде кедейлік, білім беру және кәсіби дайындық, денсаулық сақтау, қарулы қақтығыстар және т. б. мәселелер бар.

Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл тұғырнамасы – гендерлік теңдік пен әйелдер құқығы бойынша маңызды жаһандық келісім. Құжат 1995 жылы Бейжіңдегі (ҚХР) әйелдер жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button