Басты

Астаналық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен 100 миллион теңгені иемденіп кетті деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

«Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 миллион теңгені иемдену бойынша күдікті.

Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр. Күдікті соттың санкциясы бойынша, қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button