Қазақстандықтар ескі көлігін кәдеге жаратуға өткізгені үшін өтемақы ала алады
Қазақстанда бұрын болған утилизация схемасы қайта жаңартылады. Онда ескі көлік иелері техниканы өткізіп, өтемақы немесе жаңа көлік сатып алу үшін жеңілдік сертификатын ала алатын, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде көптеген жеке кәсіпорын автокөлікті утилизацилаумен айналысады. Осыған байланысты нормативтік құқықтық акт әзірленіп жатыр, ол бұл мәселені реттеп, процесті жөнге келтіреді, статистикалық есепке алуды және қаржыны бөлуді қамтамасыз етеді, – деді экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев.
«Біз автокөлікті кәдеге жарату процестерін түсіну және жақсарту үшін қаржы алдық. Утильалымдардан жиналған барлық қаражат экологиялық кодекстер шеңберінде осы қаражатты бөлумен айналысатын «Жасыл Даму» компаниясына құйылады. Қаражат экологиялық автокөлікті субсидиялауды және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқаруды қоса алғанда, 14 экологиялық бағытқа жұмсалады.
Біз бұрын болған схемаға ораламыз, онда көлік иесі көлігін тапсырып, өтемақы алады немесе жаңа көлікке жеңілдік сертификатын алады. Бұл процесс сот талқылауына байланысты тоқтатылған болатын, бірақ қазір оны қайта бастаймыз», – деп қорытындылады Жомарт Әлиев», – деп түсіндірді вице-министр.