Басты

Вейптерге тыйым. Шеккені үшін айыппұл салына ма?

Денсаулық сақтау туралы заңға енгізілген түзетулер Қылмыстық кодекске де өзгерістер әкелді. Енді 301-1-бап бар – «Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы». 1-бөлімде вейптерді сатқаны және таратқаны үшін жаза қарастырылған: 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2024 жылы 738 400 теңге) не 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 50 тәулікке дейін қамауға алу.

Баптың 2-бөлігінде вейптерді әкелгені және өндіргені үшін жаза қарастырылған: 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл (2024 жылы 7,3 миллион теңге) не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу/айыру.

Рұқсат етілмеген жерлерде вейп шегу үшін темекі шегумен бірдей айыппұл салынады – 3 АЕК (2024 жылы 11 076 теңге).

Еске салайық, 19 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button