Education

7 жылда алғашқы рет медицина университеттері оқытушыларының арасында аттестаттау өткізіледі – Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі студенттер мен резиденттер арасында аралық тәуелсіз емтихан, сондай-ақ барлық медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын аттестаттаудан өткізеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін Астанада ведомство алқасының отырысы барысында кадрларды даярлау сапасын жақсарту және оқытушылардың құзыреттілік деңгейін арттыру үшін ағымдағы жағдайды талдау жүргізу қажет екендігі атап өтілді.

Тәуелсіз бағалау нәтижелері медициналық жоғары оқу орындарында білім беру процесін жақсартуға бағытталған одан арғы стратегиялар мен бағдарламалардың әзірлемесі үшін, сондай-ақ медициналық білім беру мен ғылыми қызметті дамытудың басым бағыттарын айқындау үшін пайдаланылатын болады.

Оқытушылардың соңғы тәуелсіз аттестациясы 2017 жылы өткізілді.

Студенттер мен резиденттердің білімін тәуелсіз бағалау, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын аттестаттау ең алдымен медициналық білім беру сапасын арттыруға және отандық денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлар даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button