SocialTech

Kazakh LLM: Жасанды интеллект әлеміндегі қазақ тілі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Core42 жасанды интеллект бөлімінің басшысы Али Хедери ЖИ бойынша кадрлар даярлауды және қазақстандық жастарды әлемдік тәжірибеге тартуды талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Саясат Нұрбек Core42 жасанды интеллект және бұлтты есептеу саласындағы жетекші компания өкілдерімен кездесті. Мақсаты – жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні дамыту, инженер-бағдарламашыларды, деректерді өңдеу мамандарын даярлау жөніндегі мәселелерді қарау, университеттердің цифрлық экожүйесін құру, сондай-ақ ұлттық LLM құру кезінде тәжірибе алмасу.

Ведомство басшысы шетелдік қонақтарды Министрліктің қызметімен таныстырды және шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуына, «Болашақ» халықаралық стипендиясына, Coursera білім беру платформасына, университеттерді цифрландыруға егжей-тегжейлі тоқталды.

«Жасанды интеллект – адам өмірінің барлық салаларына көбірек кездесетін объективті шындық. Жоғары білім мен ғылым саласына ба бұл қажет. Сондықтан, жастар мен студенттерге назар аудару керек. Қазірдің өзінде QS Ranking сияқты әлемдік университет рейтингтері университеттің цифрлық жетілу индексін және жасанды интеллектіге дайындықты қосады. Бұл бізге және әр университеттің әкімшілігіне оқу орнының мұндай талапқа дайын екендігі туралы нақты көрініс береді. Қазір пилоттық режимде цифрлық университеттер бойынша жоба іске қосылды. Біздің миссиямыз – университеттің шын мәнінде цифрлық экожүйесін құру», – деп атап өтті С. Нұрбек.

Сондай-ақ, министр Али Хедериге Yessenov University және Қазақстан-Германия тұрақты инженерлік ғылымдар институтының соңғы курс студенттерін Core42-де тәжірибеден өтуге тарту туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, қазақстандық тарап компанияға қажетті мамандарды ұсынуға дайын екенін білдірді.

Али Хедери кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, Абу-Дабидегі қазақстандық студенттердің жоғары білім деңгейі мен талантын ерекше бағалады. Өз сөзінде Core42 өкілдері Kazakh LLM құру үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдауының маңыздылығын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button