Денсаулық сақтау министрлігі зертханалық қызметтердің құрылымын қайта қарауды жоспарлап отыр
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Медициналық көмектің қолжетімділігі проблемаларын шешу үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсету деңгейінде пациенттердің бірқатар машруттары қайта қаралатын болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова алқа отырысында.
Қазіргі уақытта пациенттердің маршруттарын ұтымсыз реттеу, тиімсіз стандарттар консультациялық-диагностикалық қызметтердің жасанды өсуіне ықпал ететін және тиісінше артық тұтынуды тудыратын, сондай-ақ жалпы практика дәрігеріне жүктемені арттыратын азаматтардың әділ наразылығын тудырады
«Пациенттерді ауруларды басқару бағдарламасымен қамту ресми болып табылады. Скринингтік зерттеулерге қатысты патологияны анықтау үлесі төмен болып қалатынын мойындау керек. Сонымен қатар, маған скринингтік зерттеулердің басым бағыттарын анықтау және тәсілдерді қайта қарау тапсырылды», – деді ведомство басшысы.
Бұдан басқа, шұғыл іс-шаралар жоспарына зертханалық қызметтер құрылымын талдау және тұтастай алғанда тарифтерді қайта қарауды ескере отырып, консультациялық-диагностикалық қызметтердің тізбесін өзектендіру енгізілген;
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін Бірыңғай медициналық көмек пакетін қабылдауды тапсырғанын естеріңізге сала кетейік.