Economy

Қазақстанда көмір өндірудің көлемі артуда

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көмір өндіруді жыл сайын ұлғайту көзделген

Аталмыш Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 қаулысымен бекітілген. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі көмір өнеркәсібі саласына басшылық ете отырып мемлекеттік саясатты іске асырады, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Энергия өндіруші және өнеркәсіп кәсіпорындарының, бюджеттік ұйымдардың және халықтың көмір өніміне қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында көмір химиясына кезең-кезеңімен көшумен көмір өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін арттыруға жұмыс жасалуда.

Жақын уақытта Богатырь көмір кенішінде циклдік-ағындық технологияның іске қосылуы күтілуде. Бұл 42 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін көмір өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өндірілген көмірдің жалпы көлеміндегі көмір экспортының үлесі 26-28%  құрайды. Соңғы бес жылдағы көмір экспортын талдау экспорттық әлеуеттің прогрессивті сипатқа ие екендігін көрсетеді» – делінген баспасөз хабарламасында.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шет елдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге (1,3 млн.тоннадан 8,5 млн. тоннаға дейін) ұлғайды.

Бұл, ең алдымен, Еуропалық Одақтың қазақстандық көмірге деген сұранысының артуына байланысты. Осылайша, отандық жер қойнауын пайдаланушылардың экспорттық әлеуеті сұранысқа сай арта түсетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button