PoliticsБасты

Астанада өтіп жатқан халықаралық конференцияда жол-көлік саласы мамандары мен әлемдік дәрежедегі ғалымдар бас қосты

Іс-шара барысында ұсынылған әлемдік ғылыми тәжірибе Қазақстанда қолдану мақсатында қаралатын болады

ҚР Көлік министрлігінің Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты жыл сайынғы 19-шы Kaztraffic-2023 көрмесіне қатысып жатыр. Ғылыми-зерттеу институты келушілерге құрылыс сапасын жақсарту, жол инфрақұрылымы мен жолдардың беріктігін және автомобиль қозғалысының қауіпсіздігін арттыру саласындағы инновациялық әзірлемелерін ұсынды.

Сондай-ақ ҚазжолҒЗИ ұйымдастырылған көрме аясында Көлік министрлігінің қолдауымен «Инновациялар мен инфрақұрылымның қиылысы: жол саласын дамыту формуласы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияда автомобиль жолдарының инновацияларына, сапасына, қауіпсіздігіне және дамуына қатысты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралатын болады.

Іс-шараның пленарлық сессиясында ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин және халықаралық жол қауымдастықтарының басшылары сөз сөйледі. Сонымен қатар екі күндік конференция барысында Қазақстан, Германия, Франция, Украина, Өзбекстан, РФ және Беларусь елдерінің жол ғалымдары мен сарапшылары тәжірибелерімен бөлісті. Көрмеге қатысушылар жол-құрылыс индустриясының заманауи проблемаларын шешуге арналған инженерлік инновациялар мен смарт-технологияларды ұсынады.

Осы ретте Kaztraffic-2023 көрмесі аясында ұйымдастырылған конференцияның тәжірибе алмасу және жол саласын дамыту бойынша еліміз үшін маңыздылығы зор екенін атап өткен орынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button