Politics

Сенаторлар өнеркәсіптік саясатты жетілдіру мәселесін талқылады

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевпен жұмыс бабындағы кездесу өткізді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында министр өңдеуші өнеркәсіптің нақты жай-күйі, проблемалары мен даму келешегі туралы сенаторларды хабардар етті.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі бастамаларының бірі – өңдеу секторын жедел дамытуға баса назар аудара отырып, өнеркәсіптік берік негіз қалыптастыру болып табылады. Сондықтан бүгінгі жұмыс кездесуінің мақсатының бірі – жаңа министрліктің алдында тұрған міндеттер мен жоспарларды талқыға салу болып отыр», – деп атап өтті сенатор Сүйіндик Алдашев.

Кездесу барысында өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері де талқыланды.

Кездесу 2024 жылдың басына жоспарланған экономиканың өңдеуші секторын дамыту жөніндегі парламенттік тыңдауға дайындық аясында өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button