Finance
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің басшыларымен кездесу өткізді
Ұлттық Банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банк басшыларымен кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мәселелеріне қатысты шараларды талқылады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында қаржы секторының өзекті мәселелері талқыға салынып, реттеуші органдар тарапынан екінші деңгейлі банктерді бизнеске кредит беру көлемін арттыруға ынталандыру тетіктері пысықталды. Сонымен қатар ұлттық төлем жүйесін әрі қарай қалыптастыру шаралары қаралып, мақұлданды.
Екінші деңгейлі банктердің өкілдері алға қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында бірыңғай кешенді шешімдер әзірлеу қажеттігін қолдады.