SocialБасты

Мұқтаж емес адамдарға көмек көрсету дұрыс емес-ҰБ төрағасы

Ұлттық банк төрағасы жеңілдетілген автонесие бағдарламасының ел экономикасына ықпалы жайындағы сауалға жауап берді.

«Менің ұстанымым қарапайым. Мемлекеттік көмек нақты көрсетілуі тиіс. Бұл көмек нақты мұқтаждарға көрсетілуі қажет. Меніңше, біз мемлекет ретінде, ең алдымен мемлекеттік көмекке кім мұқтаж екендігін дұрыс анықтап алуымыз керек. Және нақты көмек көрсетуіміз қажет. Ал нақты емес, бәріне арналған, мақсатсыз бағдарлама дұрыс емес деп санаймын», – деді ҰБ төрағасы Парламенттің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ғалымжан Пірматов жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінген қаражат бюджет ақшасы екендігін баса айтты.

«Мемлекет көмегі нағыз мұқтаждарға көрсетілуі қажет. Бұл бюджеттік, мемлекеттік ақша ғой. Өзі сатып ала алатын, мұқтаж емес адамдарға мұндай көмек көрсету дұрыс емес деп санаймын», – деді Ғалымжан Пірматов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button