EconomyБасты

ҚР ҰЭМ-де Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

ҚР ҰЭМ-де Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-ның 2022 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды,-деп хабарлайды ҰЭМ ресми парақшасында.

Сондай-ақ, талқылаудың негізгі тақырыбы «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатының тәсілдері болды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев атап өткендей, «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты бойынша тарифтік саясатты реформалау шеңберінде салаға жаңа инвестицияларды ынталандыру арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл апаттар, ажыратулар санын азайтуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 145 мың шақырымнан астам инженерлік желіге жөндеу жүргізу қажет», – деді ол.

Министрлік мына бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде:

Инвестиция тарту

Инженерлік желілерді жөндеу

Коммуналдық желілердің тозуын азайту

Табиғи монополиялар саласындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру және т. б.

Тарифтер өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып түзетілетін болады. Атап айтқанда, ҚР ҰЭМ басшысы тариф белгілеу барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ашық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Барлық өңірлерде мәслихат депутаттары, жұртшылық өкілдері, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер кіретін өңірлік комиссиялар жұмыс істейді. Тарифтердің әрбір өзгеруі осында талқыланады», – деді Ә.Қуантыров.

Барлық рәсімдер e-monopolist ақпараттық жүйесі арқылы ашық түрде орындалады.

«Біз барлық мәселелерді қадағалаймыз және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстаймыз. Сондықтан, қаражат дивидендтер төлеуге, табиғи монополиялар субъектілерінің басқа да шығындарына кетпеу керек. Сондай-ақ, тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Ол адамның қатысуынсыз тексеру кестесін қалыптастырады», – деді министр.

Отырыс барысында ҚР ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері де өз ұсыныстарын айтты:

кепілді жеткізушіге, реттелмейтін ЭЖҰ-ға (энергия жеткізуші ұйымдар) және көтерме тұтынушыларға байланысты электр энергиясын бірыңғай сатып алушы үшін сараланған тарифтерді енгізу мәселесін қарастыру;

жаңа реттеуші саясат шеңберінде табиғи монополия саласын мемлекеттік органдардың әкімшілік кедергілерін қысқарту орбитасынан шығару;

тұтынушылардың ұлттық операторлар желілеріне қосылуына қатысты монополиялық компаниялардың іс-әрекеттеріне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселесін қарастыру;

активтер құнының өсуіне байланысты табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) және қоғамдық маңызы бар нарықтың тариф қалыптастырудың жаңа тәсілдерін қолдау. ТМС және ҚМН-ды инфрақұрылымды жаңартуға ынталандыру, сондай-ақ көрсетілетін қызмет сенімділігінің сапа стандарттарын қамтамасыз еткен жағдайда пайда табу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button