PoliticsБасты

Ерлан Қошанов мәжіліс отырысында қазақ тіліне қатысты ескерту жасады

Мәжілістің жалпы отырысында мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов министрлік өкілдерінен депутаттар сұрақты қай тілде қойса, жауапты да сол тілде беруді сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс отырысында депутат Сайлаубай Наурыз Саятұлы Цифрлық даму министрлігінің өкіліне қазақ тілінде сұрақ қойған болатын.

Алайда министрліктің өкілі оған орыс тілінде жауап берді. Аталған жайтқа Ерлан Қошанов пікір білдіріп, барлық министрлік өкілдеріне ескерту жасады.

«Министрліктің өкілдеріне, барлығыңызға қатысты. Қай тілде сұрақ қойылса, сол тілде жауап беруге ең болмағанда әрекет жасау керек. Біз оған түсіністікпен қараймыз. Бірақ сіздер барлығыңыз бірдей сол ережені бұзып отырсыздар. Бұл депутаттардың көкейінде тұрғанын сезіп отырмын, сондықтан осыны айтып отырмын», – деді Ерлан Қошанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button