Басты

Күн суытады: еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

25-27 маусым күндері елімізде жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің біраз бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Новая Земля аумағынан келген солтүстік циклон елімізге жаңбыр әкеледі. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, кейін орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы ықтимал.

26 маусымда солтүстік-батыстан суық антициклон келеді. Түнде республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы +2-7 және +10-ға градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12-17, кей жерлерде +20 градусты көрсетеді.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button