EducationБасты

Қазақстандық оқушы шетелдік төрт жоғары оқу орнына шақырту алды

Қарағандылық Балнұр Төленова бірден төрт америкалық жоғары оқу орнына оқуға түсті. Алайда, бойжеткен олардың арасынан тек біреуін ғана таңдады.

Бес тілді жетік меңгерген және экономика мен әлеуметтануға қатты қызығатын Балнұр халықаралық емтихандарды оныншы сыныпты оқып жүрген уақытта тапсырып, өз нәтижелерін әлемнің түрлі университеттерінің жалпы базасына жіберген.

Соның арқасында бірден төрт жоғары оқу орнынан шақырту келген көрінеді. Балнұрдың таңдауы Род-Айленд штатының университетіне түсті. Онда оқу ақысы жылына 800 мың долларға дейін (320,3 миллион теңгеге жуық) жетеді. Бірақ сәтті тапсырылған емтихандар дарынды оқушыға тегін білім алуға мүмкіндік берді.

Қарағандылық оқушы халықаралық компанияларда жұмыс істеуді, стратегияларды, адамдармен жұмыс істеуді үйренуді жоспарлап отырғанын айтты. Балнұр содан кейін Қазақстанға келіп, жеке компания ашатынын жеткізді.

Төленова бітірген мектептің басшылығы түлектерімен мақтанатындарын мәлім етті.

«Бізде 6 оқушы шетелге АҚШ, Түркия, Венгрия, Ресейге түсті. Біздің мақсатымыз – олардың сонда білім алып, біздің елді жұмыс істеуі», – деді Қарағанды облыстық дарынды балаларға арналған мектеп менеджері Жазира Садуова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button