BusinessӘлем

Қазақстан мен Испания арасындағы сауда айналымы шамамен 2,5 млрд еуроны құрады

Елордада Қазақстан-Испания іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өтті. Жиында екі ел арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды
Отырысқа «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы және қазақстандық іскерлік кеңестің төрағасы Қанат Шарлапаев, Испания сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Шиану Маргарита Мендес, Испания сауда палатасының бас директоры Инмакулада Риера, ҚР сауда және интеграция вице-министрі және Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Қайрат Төребаев сияқты екі елдің жоғары лауазымды өкілдері қатысты, MAXAM президенті және Іскерлік кеңестің испандық төрағасы Хосе Мануэль Варгас және екі елдің бизнес қауымдастығының басқа да көрнекті өкілдері.

«Бүгінгі отырысқа Қазақстаннан 150-ге жуық және Испаниядан 35-ке жуық компания қатысып жатыр. Мұндай шаралар қазақстандық бизнес пен Испания кәсіпкерлерінің өзара терең қарым-қатынас орнатуы үшін қажет. Қазіргі уақытта екі ел арасындағы өзара сауда айналымы шамамен 2,5 млрд еуроны құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға жоғары. Яғни, біз Испаниямен сауда және инвестициялық қарым-қатынасты үнемі арттырып келеміз. Бүгінгі кеңес аясында бірқатар келіссөздер жүргіземіз. Оның ішінде су тазарту құрылыстары, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару, сондай-ақ машина жасау саласындағы кооперациямызды дамыту бойынша келісімге келмекпіз», – деді Бәйтерек холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев.

Басқарма төрағасының пайымдауынша, испандық компаниялар біздің негізгі технологиялық серіктесіміз.

«Жалпы, Еуропалық одақ экономикалық өзара іс-қимыл тұрғысынан Қазақстанның ең ірі серіктестерінің бірі. Ал Испания — осы ынтымақтастық шеңберіндегі ең маңызды серіктес ел. Испаниямен стратегиялық кооперация бойынша екінші келісімге қол қойылды. Аталған елмен екіжақты бизнес қарым-қатынасты жалғастыруға негіз бар деп санаймыз. Испандық компаниялар біздің негізгі технологиялық серіктестеріміз, ең алдымен құрал-жабдық жеткізу бойынша», – дейді ол.

Сондай-ақ, аталған жиынның панельдік сессиясында Қазақстан-Испания іскерлік өкілдері қаржы құралдары мен өзара бизнес мүмкіндіктері туралы талқылады.

«Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Испания арасындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға және экономикалық байланыстарды жақсартуға қызмет ететініне сенімдімін. Біз пандемияға дейінгі нәтижелерге қол жеткіздік. Үкімет экономикалық байланысты нығайта түсуге көмектесуде. Сонымен қатар Үкімет экологиялық аспектілері, сондай-ақ көлік пен гендерлік теңдікті одан әрі дамыту бойынша да қол ұшын созуда. Біз климаттың өзгеруімен күресіп, сол сияқты жағдайы төмен адамдарға қатысты тең құқықты дамытудамыз. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту арқылы біз жоғары салық түсімдеріне қол жеткізе аламыз. 2023 жылы өсім 5% құрады және бұл өте жоғары экономикалық көрсеткіш. Яғни халықаралық контекст шеңберінде аса маңызды. Испандық компаниялар жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті, оның дәлелі бүгінгі кездесу», – дейді Испания тарапынан Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының төрағасы Шиана Мендес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button