Social

Туризм комитеті қажылыққа барушыларға ресми туроператорлар қызметін пайдалануға кеңес берді

Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қажылыққа барушыларға ресми туроператорлар қызметін пайдалануға кеңес берді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл қызметі ресми түрде тіркелмеген туркомпанияларға қатысты, олардың өз міндеттемелерін орындамауы туралы туристерден келіп түскен шағымдарға байланысты болып отыр. Кейбір туристер Мекке мен Медина қалаларында күтпеген жағдайға тап болған.

«Мысалы, туризм индустриясы комитетіне Kausar travel туристік компаниясына қатысты шағымдар түсті. Бұл ретте компанияның туроператорлық қызметіке лицензиясы жоқ. Компания туристік агенттік ретінде тіркелген, сәйкесінше туроператорлық қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Сондықтан біз туристердің мүдделерін қорғау және қажетті шараларды қабылдау үшін Ішкі істер министрлігіне және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жібердік. Сондай-ақ, біз туристерді туроператорлардан лицензияның бар екендігін растайтын құжаттарды сұрауға шақырамыз», – деді Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Бекітілген ереже бойынша, жыл сайын діни бірлестік пен қабылдаушы ел арасында туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін келісім жасалады. Сондай-ақ, діни туризм саласындағы туроператорлардың екінші деңгейлі банкпен ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің пайдасына жасалған шарты болуы қажет.

Айта кету керек, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» бірлестігінде қажылыққа қатысты сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін Call-орталық жұмыс істейді: +7 7172 33-30-30.

Басқа жаңалықтар

Back to top button