PoliticsБасты

Мәулен Әшімбаев Сенат Төрағасы болып сайланды

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысына қатысты.

Сенаторлар Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы етіп жасырын дауыс беру арқылы Мәулен Әшімбаевты бірауыздан сайлады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы мен сенаторларға жоғары сенім білдіргені үшін алғысын білдірді. Ол еліміз Президентінің бастамасы бойынша жүзеге асып жатқан және біздің еліміз бен қоғамымыздың игілігіне бағытталған реформаларды уақтылы әрі сапалы іске асыру барысын заңнамалық қамтамасыз ету Палатаның басым міндеттерінің бірі екенін атап өте келіп, депутаттарды белсенді жұмыс істеуге шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button