FinanceБасты

Соңғы үш жылда пара беру бойынша 1000-нан астам қылмыс тіркелді

Пара беру және делдалдық туралы істер бойынша сот-тергеу тәжірибесі.

2017-2019 жылдар және 2020 жылдың 5 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен пара беру фактісі бойынша 1000-нан астам қылмыс тіркелді. Бұл ретте соңғы 3 жылдағы динамика пара берушілерге қатысты қылмыстарды тіркеу фактілерінің өскенін көрсетеді (2017 – 255, 2018 – 232, 2019 – 342, 5 ай 2020 – 172), деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егер 2018 жылы 232 қылмыс тіркелген болса, 2019 жылы оның үштен бір бөлігі, 342 осындай оқиға тіркелген.

Пара берген 586 адам сотталды (2017. – 165, 2018. – 198, 2019-187, 5 ай. 2020. – 70).

Оның ішінде 154 адамға бас бостандығынан айыру, 377 адамға айыппұл, 67 адамға бас бостандығын шектеу шешімі қабылданды.

Ағымдағы жылы пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 20% – ы (114 қызметкердің 22-сі) мемлекеттік қызметкерлердің өздері болып табылады. Олар сотталудан бөлек мемлекеттік қызметтен босатылған және мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айрылған.

Талдау көрсеткендей, көп жағдайда жеке компаниялардың өкілдері пара беруші болып табылады. Олар лауазымды тұлғаларды сатып алу арқылы кәсіпкерлік қызметтерін қолайлы жүзеге асыру немесе мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою мәселелерін шешеді.

Мысалы, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЖШС өкілінің Қарасай ауданы әкімінің орынбасарына Алматы облысы Қарасай ауданындағы нысан құрылысын жүзеге асыру барысында жалпы қамқорлығы үшін жасалған шарт сомасының 5% – ы түрінде 33 млн. теңге (32 543 424 теңге), – 2 кезете «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 660 млн.теңге (656 075 430 теңге) сомасында пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласында «Ақжайық Электро» ЖШС директоры Б.Қ. Абдиев аудан әкімінің бұрынғы орынбасары Т. М. Тлеуовқа (3 жыл бас бостандығынан айырылды) ауданды жарықтандыру бойынша қызмет көрсету жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарты негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою кезінде жалпы қамқорлығы үшін 5 млн. теңге (4 736 мың теңге) көлемінде пара бергені үшін 71 040 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен жалтарылу үшін және лицензия, сертификат және өзге де қызметтерге рұқсат алу сияқты түрлі мәселелерді шешуге көмек көрсету үшін пара береді.

Мысалы, еліміздің өңірлерінің бірінде парақорлық фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс бойынша 37 пара беруші анықталды, олар пара беру арқылы әкімшілік жауапкершіліктен алтарылу мәселесін шешуге тырысқан. Олардың бірқатары сотталып түрлі жазалау түрлеріне тартылған.

Парақорлыққа делдалдық фактілері бойынша 2017 жылдан 2019 жылға дейін және 2020 жылдың 5 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 200-ден астам қылмыс тіркелді (2017 – 84, 2018 – 68, 2019 – 42, 5 ай 2020 – 19).

Соңғы үш жылда (2017-2019 ж.ж., 5 ай. 2020 ж.) делдалдық үшін 124 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 21 адамға бас бостандығынан айыру, 6 адамға бас бостандығын шектеу және 84 адамға айыппұл салу үкімі шығарылды.

Қоғамдық қауіптілігі жағынан пара беру, пара беруге арандату, жәрдемдесу және делдалдық сияқты қылмыс құрамы пара алумен тең екенін атап өткен жөн.

Делдал немесе көмектесуші пара алушыға да, пара берушіге де тікелей ықпал ететін адам болып табылады.

Ол екі тарап сенетін адам болып табылады, бірқатар жағдайларда сыбайлас жемқорлық қылмыстары осындай делдалдың/көмектесушінің қатысуы нәтижесінде жасалады.

Сондықтан мұндай адамдардың іс-әрекеттері пара алушының іс-әрекетінен кем емес қоғамдық қауіптілікке ие.

Осы бағытта Агенттік жалпыға бірдей сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жүйелі алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Алдын алу іс-шараларымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде жазаның бұлтартпастығы маңызды қағидат болып қалуда.

Солай, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі парақорлыққа делдалдық жасады деген күдікпен тергеуші Төребайға зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін 440 мың теңге сомасында пара бергені үшін адвокат Н. Елгоновқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жолдаған.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен тергеуші Төребайға 13,2 млн. теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыру жазасы тағайындалды.

Осы сотта адвокат Елгонов делдалдығы үшін кінәлі деп танылып, 4,4 млн. теңге сомасында айыппұл және өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, тек өткен аптада пара беруге арандатушылықтың 10 фактісі тіркелген.

Мәселен, 2020 жылдың 15 маусымында Нұр-Сұлтан қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі астана тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, ол арандату және алдау арқылы, қызын түрмеден босатуға көмектесу үшін, жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамға пара беремін деп 7 миллион теңге көлемінде ақша алған.

БҚО-да азамат «Е» бірнеше рет «Орал қ. Әкімінің аппараты» ММ-нің лауазымды тұлғаларына пәтерді жедел алуға көмек көрсеткені үшін 3,2 млн.теңге көлемінде пара беруге арандатқан.

Шымкентте адвокаттар коллегиясының адвокаты алаяқтық жолмен жергілікті тұрғынның азаматтық некедегі күйеуіне байланысты істі бас бостандығынан айырудан басқа үкім шығарту үшін әділет сотында істейтін шенеунікке пара беруге итермелеп, 500 мың теңге алған.

Осылайша, пара берушілер өздерін қылмыстық жауапкершілікке ғана емес, сонымен қатар жеке пайдасы үшін жағдайды қолданатын алаяқтармен алдануы мүмкін.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе өзге де жолмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ықпал ететін тұлғаларға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

Ағымдағы жылдың 5 айында жалпы сомасы 13 млн. 776 мың теңге сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы хабарлаған 87 тұлға табысталды.

Өткен жылы 214 адамға 31 млн. 811 мың теңге сомасында табысталды.
Сонымен қатар, бей-жай қарамайтын азаматтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің де парақорлық туралы хабарлауының өсіп келе жатқан статистикасын атап өткен жөн.

Мысалы, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы қызметкерінің өтініші бойынша тексеру актісіне қол қойғаны үшін 1 мың теңге сомасында ұялы нөмірге баланс түрінде заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін полиция департаментінің маманы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азаматша «Л» ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 353 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы хабарлама үшін өтініш беруші 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

Ақмола облысында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы жазасын өтеу орнын ауыстыру және өзін ұстау жағдайын жақсарту мақсатында режимдік бөлімнің жедел уәкіліне 300 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Жедел уәкіл 50 АЕК (немесе 126 250 теңге) мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

Осыған ұқсас, ШҚО-да әскери бөлім бақылаушысының хабарлауынша, ОВ 156/18 мекемесінің аумағына ұялы телефон өткізіп беруге пара бергені үшін жазасын өтеп жатқан Қ. Тоқтархановқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы (өтелмеген 3 жыл 10 ай жаза қалдығын ескере отырып) тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енгеннен кейін әскери бөлімнің контроллері де ынталандырылады.

Қазіргі жағдайда біз қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жетеміз. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, халықтың белсенді қатысуымен ғана мүмкін болады.

Әділ және мәдени қоғамда өмір сүру және өз балаларыңызға да осындай қоғам құру үшін өзіңізден бастаңыз, «пара бермеңіз және пара алмаңыз», адал болыңыз және болашақ ұрпақты әділ және айналасындағыларға адал болуға тәрбилеңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button