Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды АШМ-нің баспасөз қызметі.
Қағидалар 2022 жылдың 30 маусымда ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады.
Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді.
2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 млрд теңге бағытталды.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құстардың саны 3,7% – 47,1 млн басқа дейін өсті.
Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 млн дананы құрады.
Ішкі нарықтың тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.