Басты
Сот орындаушысын таңдау мүмкіндігі бар – Әділет министрі
«Жеке сот орындаушылар рейтингі» енгізілді. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жеке сот орындаушылар рейтингі» енгізілді. Енді өндіріп алушылардың онлайн режимде рейтингпен танысуға және сот орындаушысын таңдауға мүмкіндігі бар», – деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында. Оның сөзінше, рейтинг құжаттарды орындаудың статистикалық деректері, орындаушылық тәртіп, жеке сот орындаушысының жұмыс өтілі, сондай-ақ өндіріп алушылардың бағалауы негізінде автоматты түрде жасалады.