Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасына енгізілген болатын. Көзделген негізгі мақсат – Қытай-Еуропа-Қытай транзиттік дәлізі бойынша теміржол транзиттік тасымалдары барысында еліміздің басымдылығын сақтау.
Жобаны іске асыру жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттыруға және өткізу қабілетін 12-ден 60 жұп поезға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, пойыздардың қозғалыс жылдамдығын тәулігіне 1500 шақырымға дейін арттыруға жағдай жасап, басқа да аралас салалардың дамуына қосымша серпін береді деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарына шамамен 6 мың адам жұмылдырылатын болады.