Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржылық қызмет көрсету және туризм сияқты салалардың әлеуеті зор екеніне назар аударды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман Әл Саудты елімізге сапармен келуге шақырды. Тақ мұрагері шақыруды ілтипатпен қабыл алды.
Көшбасшылар бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады.