Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Үкіметінің келісімі бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада туған.
1999 жылы «Тұран» университетін «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. АҚШ-та және Малайзияда тағылымдамадан өткен.
2001 – 2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MI Drilling Fluids International (Schlumberger) компаниясының бұрғылау ерітінділері бойынша инженері.
2004 – 2007 жылдары «MI Drilling Fluids International» компаниясының Ақтау қаласындағы филиалында бизнесті дамыту бойынша менеджер, өндіріс бойынша менеджер, филиал басшысы.
2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Теңіз Сервис» ЖШС Бас директоры.
2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры.
2012-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.
2013-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.
2014-2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі.
2019-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
2021-2022 жылдары – ҚР Энергетика министрі.
2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.