SocialБасты

Елімізде 133 жылыту пункті жұмыс істейді

Қыста «Қазавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жол қызметтері республикалық трассаларды тәулік бойы тазалау және қолайсыз ауа-райында автокөліктерді сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда алыс сапарға шықпау туралы арнайы қызметтердің ескертулеріне қарамастан, кейбір жолаушылар тұрғылықты мекенжайларынан тыс жерлерге шығып, төтенше жағдайларға тап болып жатты.

Мәселен, өткен қыста жол қызметкерлерінің күшімен қар құрсауынан 720 көлік құралы шығарылды. Олардың 391-і жылы бокстарға орналастырылса, жолда қалған 2 мыңнан астам адам «Қазақавтожол» жылыту пункттеріне жайғастырылды. Жалпы еліміз бойынша барлық қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген 133 жылыту пункті жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, жолда штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде «Қазақавтожол» ЖШС Сall-орталығына 1403 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button