EducationБасты

Президенттің студенттердің шәкіртақысына қатысты берген тапсырмасы қалай орындалды?

АЙТЫЛДЫ:

«ЖОО студенттердің шәкіртақысын өсіру өзекті мәселелердің бірі екенін білемін. Бұл мәселе назардан тыс қалып, 2016 жылдан бері шәкіртақы көтерілген жоқ. Сондықтан мен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері үшін шәкіртақыны 25%-ға көтеру туралы шешім қабылдадым». 

ОРЫНДАЛДЫ:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақылары 25%-ға өсті.

2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ға артты.

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы тағы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өседі.

Педагогика мамандығы бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы алатын болады. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі (докторанттардың шәкіртақысы Президенттің тапсырмасына дейін 82 мың теңге болса, қазір 172 500 теңге шамасында).

СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ ӨСУ КӨРСЕТКІШІ

Перечень стипендиатов Шәкіртақы мөлшері, теңге
2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
Негізгі мөлшері Негізгі мөлшері Негізгі мөлшері Негізгі мөлшері Негізгі мөлшері Негізгі мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда

%-дық өсім

2017 жылмен салыстырғанда %-дық  өсім
педагогикалық мамандықтан басқа бакалавриат студенттері 20 949 20 949 20 949 26 186 31 423 36 660 40 75
педагогикалық мамандық бойынша бакалавриат студенттері 42 000 50 400 58 800 40 181
магистранттар 53 530 53 530 53 530 66 913 76 950 86 987 30 63
докторанттар 81 998 81 998 81 998 150 000 172 500 195 000 30 138

Басқа жаңалықтар

Back to top button