SocialБасты

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

 «Қазгидромет» РМК Қазақстанда 2-4 сәуір күндері аралығында ауа райы қандай болатынын мәлім етті.

«Алдағы демалыс күндері батыстан кезекті Атлантика циклоны ығысып, жауын-шашын әкеледі. Еліміздің батысында және солтүстігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады. Республиканың басқа бөлігінде қысымның жоғары болуына байланысты жауын-шашын болмайды.

Ираннан жылжып келетін жылы ауа массаларымен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі: батыста +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста +8+18 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жылы болады», – делінген синоптиктер хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button