Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстан Республикасының бірнеше елдегі елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жазды.
- Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
- Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
- Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
- Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.