1 наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII Съезді өтеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Бүгін «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қ.К. Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.
Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды.
Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады», делінген жазбада.