ӘлемБасты

Коронавирус: Австралия шетелдік туристер үшін шекарасын ашады

Австралия екі жылға жуық уақыттан кейін шетелдік туристер үшін шекарасын ашады. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

«21 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинацияланған шетелдік азаматтарға елге кіруге рұқсат беріледі, – деп хабарлады Премьер-Министр Скотт Моррисон.

Австралия билігі пандемияға байланысты 2020 жылдың наурыз айында шекараларды жапты, шетелдіктердің елге кіруіне мүлдем тыйым салынды. Шараларды жеңілдету туралы шешім Үкімет отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Австралияға COVID-19-ға қарсы вакцинациядан толық өткен туристер жіберіледі, – деді Моррисон мырза. «Біз шекараларды жабу туралы шешім қабылдағаннан бері екі жылға жуық уақыт өтті… Егер сіз екі мәрте вакцинациядан өткен болсаңыз, біз сізді Австралияда күтеміз»,— деді Премьер-Министр», делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button