Қазгидромет Қазақстан бойынша 2022 жылғы 20-22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Батыс және оңтүстік аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, екпінді жел мен көктайғақ, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Елдің қалған аумағы жоғары қысымды алаңда болады: жауын-шашынның тоқтауы, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі болжанады. Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 10…18-ге дейін төмендейді, күндіз 3…11-ге дейін аяз, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде 20…28-ге дейін, күндіз 12…20-ға дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 0…10 жылы болады.