Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы (ЖЕЭК) өтеді. Бұл туралы Берік Уәли жазды.
Бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға ЖЕЭК Құрметті Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.
Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де «Хабар-24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.